Ханшайым Мако өзінің алдағы отбасын құру тойы туралы хабарлау үшін ата-әжесіне барды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
ТАСС-тың мәліметінше, Тақтың мұрагері ханзада Акисиноның қызы және император Нарухитоның жиені, жапон ханшайымы Мако дүйсенбіде атасы мен әжесі – бұрынғы император Акихито мен бұрынғы императрица Митиконың үйіне сейсенбі күні өтетін отбасы құру тойы туралы хабарлау үшін барды. Бұл кездесу қоштасу сипатында болған, себебі ол тұрмысқа шыққаннан кейін Жапонияның қарапайым азаматы болып қалады.
Мако Акихито и Митиконың тұңғыш немересі. 87 жастағы Митико оған арнап өлеңдер жазатын. Ол да бала кезінен әжесіне Токио орталығындағы император сарайының бағында жұмыс істеуге көмектескен.
Болжам бойынша, 30 жастағы Мако мен оның таңдаған адамы Кэй Комуро некелерін 26 қазанда жапон муниципалитеттерінің бірінде тіркейді. Осыдан кейін олар бірлескен баспасөз мәслихатын өткізеді. Жас жұбайлар Нью-Йоркке көшпек. Комуро заң кеңсесіне жұмысқа орналасқан болатын. Өз кезегінде Мако империялық отбасынан ресми түрде бөлек кетіп, жеке өмірін бастайды.
Ханшайымның тойы 2018 жылы болуы керек еді, бірақ кейінге шегерілді. Нақты себебі белгісіз, бірақ бұқаралық ақпарат құралдары бар мәселе – күйеужігіттің анасы мен досының ұрсысып қалуында болып отырған көрінеді. Комуроның анасы оны оқыту үшін досынан қарыз алып, қайтармай қойған.
Осыған байланысты олардың тойы ресми түрде болмайды, ал Мако осы себепті император отбасынан кетуіне байланысты мемлекет тарапынан берілетін 150 млн иен ($1,3 млн) көлеміндегі қаржыдан бас тартты.