Мұныңыз арандатушылық: СІМ министрінің орынбасары журналистердің сұрағына жауап бере алмады

Ғалиасқар Думан

Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Назира Нұрбаева сенат кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап бере алмады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Сенаттың жалпы отырысында депутаттар Сингапур және Катармен өзара инвестицияны ынталандыру және өзара қорғау туралы келісімдерді қарап, мақұлдаған. Осыдан кейін министрдің орынбасары сұрақтарға жауап беру үшін журналистерге арналған брифингке шықты. Алайда министрдің орынбасары жауапқа шорқақ болып шықты. Атап айтқанда, Сингапур мен Катарда қанша қазақстандық компаниялар жұмыс істейтінінен хабарсыз екен.

Журналистер СІМ-де жоғары лауазымға ие болған Нұрбаеваның неге ақпаратты білмейтінін сұраған.

– Мен барлық сұраққа жауап бердім деп ойлаймын. Егер жауап берілмеген сұрақтар болса, сауалхат жіберсеңіздер, мен әрқашан жауап бере аламын. Ал қазір сіздің тарапыңыздан арандатушылық бар, - деді Нұрбаева журналистердің наразылығына.

Айта кетейік, Нұрбаева 2023 жылдың тамыз айында сыртқы істер министрінің орынбасары болды.