Қазақстандағы медицина ұйымдарының қарызы 113 млрд теңгеге жетті

Ulysmedia

Кредиторлық берешекке ұйым басшылардың тиімсіз басқару шешімдері себеп болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Pixabay

МӘМС басқарма басшысының орынбасары Айдар Нұрғалиев 2023 жылы еліміздегі медицина ұйымдарының қарызы 113,3 миллиард теңге қарыз болғанын хабарлады. Барлығы дерлік мемлекеттік ұйымдар.

- Жүргізілген талдау кредиторлық берешектің пайда болу себептері медициналық ұйымдар басшыларының тиімсіз басқарушылық шешімдері екенін көрсетті. Олардың ішінде басым емес шығыстар: стендтер дайындауға арналған шығындар, қарыздар болған кезде сыйлықақылар төлеу, журналдарға жазылуға жұмсалған шығын. Кредиторлық берешек деңгейін төмендету үшін шаралар қабылданып жатыр, - деді ол.

Қарыздар

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы жеке зертханаларға ұйымның балына 5 миллиард теңгеден астам қарыз болған