Премьер-министр Әлихан Смайылов заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
1 трлн теңгеге жуық активтер қайтарылды
Үкіметтің хабарлауынша, отырыс барысында тексеру шаралары басталатын жаңа тұлғаларды тиісті реестрге енгізу мәселелері талқыланған. Бұған дейін реестрге енгізілген кейбір тұлғалар бойынша кінәсін мойындау және заңсыз алынған мүлікті өз еркімен қайтару туралы процессуалдық келісім жасау жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, реестрдегі жекелеген субъектілердің және оларға үлестес тұлғалардың шығу тегі түсініксіз мүлкін мемлекет кірісіне аударуды мәжбүрлеу туралы талаптар қойылады.
Премьер-министр мемлекет басшысының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы шешімі – «Әділетті Қазақстанды» құру процесінің жалғасы екенін атап өткен. Соңғы 2 жылда елге жалпы сомасы 1 трлн теңгеге жуық активтер қайтарылғанын қосқан.
Бүгінде ауқымды жұмыс аясында 344 жылжымалы және жылжымайтын мүлік объектісі, соның ішінде шетелде 131 объект анықталған. Жалпы құны 448 млрд теңге құнды қағаздар бойынша мәлімет алынды. Сомасы 220 трлн теңге болатын банк операциялары, оның ішінде 1,4 трлн теңгені құрайтын күмәнді операциялар тексерілуде.
«Біздің ортақ міндетіміз – заңсыз иемденілген активтерді қайтаруды қамтамасыз ету және оларды қоғам мен мемлекет игілігі үшін пайдалану», — деді Әлихан Смайылов.
Премьер-министр талқылау қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берді.
Бас прокурорға он сауал
Қаңтар оқиғасынан кейін елде ең қызу талқыланған тақырыптың бірі – елден ұрланған байлықты, яғни заңсыз шығарылған активтерді қайтару мәселесі болды. Бұл жөнінде көп айтылды, сан мәрте талқыланды, бір жарым жыл деген де заң шығарды да, бұл күнде құзырлы органдар «қайтарып жатырмыз» деп жұртты сендіргісі келеді. Бірақ не себепті қайтарылып жатқан қыруар қаражат жайлы құзырлы органдар ауқымды ақпарат, толыққанды мәлімет бергісі келмейді? Осы сұраққа жауап табу үшін Ulysmedia тілшісі бас прокурорға сауал жолдаған еді.