Алматыда дәрігерлер сәтті ота жасап, қыз баланың алтыншы саусағын алып тастады

Ulysmedia

Ресей дәрігерлері сәтті ота жасап, алматылық кішкентай қыздың қолындағы алтыншы саусақты алып тастады. Бұл туралы әлеуметтік желіде бала құқығы жөніндегі бұрынғы уәкіл Аружан Саин хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Аружан Саин парақшасынан

Дәрігерлер Қазақстанға келген

Саинның жазуынша, Н.И.Пирогов атындағы жоғары медициналық технологиялар клиникасының хирургтары мен анестезиологтары «ДОМ «Милосердие» қорының шақыруымен Қазақстанға келген. Білікті дәрігерлер екі бармағы бар қыз балаға, саусағы алып бар ұл балаға, сондай-ақ сирек кездесетін аяқ-қол ақауларына шалдыққан басқа да балаларға ота жасап, шеберлік сағатын өткізген.

Екі жасар Айсұлу (аты өзгертілді) полидактилияның күрделі түрімен, атап айтқанда қос бармақпен дүниеге келген. Бұл әр қолында алты саусақпен сипатталатын даму ақауы. Артық саусақты алып тастау - қолдардың эмбриологиясын терең білуді талап ететін күрделі процес. Операцияны Пирогов атындағы клиниканың (Санкт-Петербург) медицина ғылымдарының кандидаты Владимир Заварухин қазақстандық әріптестерімен бірге өткізген.

«Бала бұл дертпен дүниеге келген, бірнеше рет тексеру жүргізіліп, үшінші саусақтың алыптығы және қан тамырларының ақауы деп болжам жасалған. Дертке дауа іздеген ата-ана талай ауруханаға жүгінгенімен дәрігерлер күрделі операцияны жасаудан тартынған. Кәсіби дәрігерлердің, сондай-ақ осындай мастер-класс өткізуге мүмкіндік берген бас серіктесіміз – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының арқасында Нұрәліге дер кезінде «алып жасушалы ісік» деген диагноз қойылды. Ол маңызды тамырлар мен жүйкелерге зақым келтірмей оқшауланды. Баланың өз ұлпаларын пайдалана отырып, тері ауыстыру операциясы жасалды», - деді «Добровольное общество «Милосердие» қоғамдық қорының директоры Аружан Саин.

Қайырымдылықты қалай жасауға болады?

Бес күннің ішінде ресейлік хирургтар мен анестезиологтар қазақстандық әріптестерімен аяқ-қолдың күрделі патологияларын емдеу мен түзетудегі баға жетпес тәжірибесін бөлісті. Айсұлу мен Нұрәліден бөлек басқа да күрделі ауруларға шалдыққан балаларға ота жасалды. 

Сирек диагнозы бар, шұғыл емге мұқтаж балаларға көмектескіңіз келсе, www.detdom.kz сайтына кіріп, қайырымдылық жасай аласыз.