«Арамызда сатқындар бар»: Шымкентте шенеунікті әкіммен жиналыс кезінде тұтқындап әкетті (видео)

Ulysmedia

Шымкентте әкім Ғабит Сыздықбеков қаладағы антикор бастығынан тура отырыс барысында жемқор шенеуніктерді алып кетуді талап етті. Залға кіріп келген антикоршылар шенеуніктің бірін ұстап әкетті, деп жазады Ulysmedia.kz.порталы Отырар басылымына сілтеме жасап.

Фото: Скриншот

“Дұрыс түсініңіздер”

Отырыс барысында Шымкент қаласы әкімінің басшылығымен тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушы ұсталды.

– Әкімдік қызметкерлерінің арасында адал қызметкерлер көп, бірақ сатқындар да бар. Мен қанша рет ескерттім, - деді әкім.

Кейін қалалық антикор басшысы кейбір қызметкерлерге сұрақтар барын айтты. Әкім сондай шенеуніктерді тура қазір алып кетуді талап етті. Залға антикоршылар кіріп келіп, айыпталушыны алып кетті.

– Әріптестер, мені дұрыс түсініңіздер, менің басқа амалым жоқ. Мен сіздерден бес айдан бері сұрап келе жатырмын, - дейді әкім.

Шенеунік не үшін ұсталды

Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкентте тұрғын үй басқармасының басшысы ұсталғаны туралы хабарлаған болатын. Ол қаланың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінген.

– Лауазымды адам қаланың 216 тұрғын үйінің сейсмикалық тұрақтылығын технологиялық тексеру бойынша жұмыстарды орындауға бөлінген аса ірі мөлшерде алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобының бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді. Залалдың алдын ала сомасы 120 млн теңгені құрайды, - делінген хабарламада.