Анасы күдікке ілінді: Түркістанда екі баланың денесі табылды

Сырым Қаржас

Оларды жастықпен тұншықтырып өлтірді деген күдікпен анасы іздеу жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Облыстың бас полицейі Мұрат Қабденов қылмыстық істің фактісін растап, балалардың денесі өлім себебін анықтау үшін сараптамаға жіберілгенін хабарлады. Ол сондай-ақ болған оқиғаның мән-жайын анықтау және Қызылорда облысында тұратын анасын іздеу үшін жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Мұрат Қабденов тергеуді жеке өз бақылау алғанын айтып, қоғамға жалған ақпарат таратпауды өтінді. Ол жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті. Ресми дереккөздерге сенуге шақырды.