Human Rights Watch журналист Думан Мұхамедкәрімге қарсы істі тоқтатуға шақырды

Аян Өрібай

Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы журналист Думан Мұхаммедкәрімнің ісін негізсіз деп санап, оны тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

12 ақпанда "экстремистік қызметті қаржыландыру" және "тыйым салынған экстремистік ұйымның қызметіне қатысу" бабы бойынша айыпталған журналистің соты басталады.

Ұйымның Орталық Азия аймағы бойынша аға зерттеушісі Мира Риттман Қазақстан билігі билікті бірнеше рет сынап, бейбіт жиындарға қатысу құқығын пайдаланбақ болған тәуелсіз журналистің аузын жабуға тырысып жатыр деген.

The Human Rights Watch Думан Мұхаммедкәрім экстремизм бойынша айыпталған, сотқа тартылған, үкіметтің екінші сыншысы болғанына сенімді. Біріншісі ретінде ұйым оппозиционер Марат Жыланбаев атайды.

– Думан Мұхаммедкәрім де, Марат Жыланбаев та көп күнін темір тордың ар жағында негізсіз өткізді. Екеуі де дереу босатылуы керек, - дейді Риттман.

Думан Мұхамедкәрім жайлы

Думан Мұхаммедкәрім былтыр мәжіліс депутаттығына кандидатурасын ұсынған. Алайда оны кандидат ретінде тіркемеген.

Былтыр 19 наурызда өткен мәжіліс сайлауының нәтижесіне қарсылық білдіріп, жұртты жаппай митингіге шақырғаны үшін 25 тәулікке қамалды. Артынша, оны қамау мерзімі тағы ұзартылып, кейін үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады. Журналист бірнеше айдан бері түрмеде отыр. Бірнеше рет аштық жариялады. Журналист маусымнан бері тергеу абақтысында отыр. Қазақстандық құқық қорғаушылар журналисті «саяси тұтқындар» тізіміне енгізген.