Ресей ОСК Надеждинді президенттік сайлауына кандидат ретінде тіркемеді

Ulysmedia

Ресейдің орталық сайлау комиссиясы бір дауыстан шешім қабылдаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

РИА Новости

Не болды

Орталық сайлау комиссиясы Борис Надеждиннің Ресей президенті сайлауына қатысуға жол бермеді. Надеждиннің командасы комиссияға қолдардың күші қате жойылғанын дәлелдей алмады. ВВС енді саясаткер Жоғарғы сотқа жүгінгелі отырғанын жазады.

ОСК 104 734 қолдың 9 147-сін жарамсыз деп таныды. Олардың арасында қайтыс болған 11 адамның қолы бар.

– Барлық сауалнамаға сәйкес, мен Путиннен кейін рейтингте екінші орында тұрмын. Бұл маған дауыс бергісі келетін ондаған миллион адам барын білдіреді. Ал сіздер маған қайтыс болғандар туралы айтып отырсыздар. Мен бұл заңдағы мәселе екенін түсінемін, әрине, біз бұған қарсы боламыз, — деді Надеждин.

Ол туралы не белгілі

Борис Надеждин – соғысқа қарсы күн тәртібін жариялаған жалғыз үміткер. Надеждинге бастапқыда көп назар аударылмеған. Бірақ қаңтар айының соңында бүкіл Ресейдегі және шетелдегі қалаларда адамдар қол қою үшін кезекке тұра бастады. Алматыда да Надеждин үшін қол жиналды.

Ресей президентін сайлау

Ресейде президент сайлауы 2024 жылдың 15-17 наурызы аралығында өтеді.