Air Astana компаниясының IPO қорытындысы шықты

Сырым Қаржас
Фото: Ulysmedia.kz

Air Astana әуекомпаниялар тобы IPO шеңберінде өтінім қабылдау аяқталғанын жария етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

IPO нәтижесі

Орналастыру бағасы бір акция үшін 1.073,83 теңге және ЖДҚ (жаһандық депозитарлық қолхат) үшін 9,5 долларды құрады.

Air Astana капиталдандыруы шамамен 847 млн долларды құрады.

"Самұрық-Қазына" қорының үлесі 51%-дан 41%-ға дейін, британдық BAE Systems-тің үлесі 49%-дан 15,3% дейін төмендеді.