Алматыда «кәсіпкерден 21 млн теңге алды» деген күдікпен басқарма басшысы ұсталды

Ulysmedia

Антикор шенеуніктің үйқамаққа алынғаны жөнінде ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы агенттікке сілтеме жасап.

Фото: Ашық дереккөзден

Құзырлы органның хабарлауынша, Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары тергеуге алынған.

– Шенеунік алаяқтық жасау бойынша күдікке ілінді. Алдау арқылы ол аула аумақтарын күтіп ұстау, жинау және ҚТҚ шығару бойынша қызметтер көрсету шарттарын жасасу сылтауымен 21 млн теңге көлемінде жергілікті кәсіпкердің ақшалай қаражатын иемденген, – делінген хабарламада.

Күдікті үй қамағына алынды. Тергеу жалғасып жатыр.