"Oyan, Qazaqstan!" қозғалысының белсендісі Темірлан Еркебек Алматыда Тәуелсіздік монументінің жанында пикет өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Белсендінің талабы
Masa.media ақпарат көзінің хабарлауынша, Темірлан Еркебек пикетке "Аманжол, Айдар, Ерболат, ұят қайда – феминистерге шеру өткізуге рұқсат ет!” деген жазумен шыққан.
– Аманжол — митингке, пикетке немесе шеруге барғыңыз келгенде, әдетте өтініштерді қабылдайтын әкімдік қызметкері, – деп түсіндірді белсенді.
Сондай-ақ Еңсебек Алматы қаласының қоғамдық даму басшысы Айдар Есенбеков пен қала әкімі Ерболат Досаевқа үндеу жолдаған.
– Оның [Есенбековтің] қолымен осы шерулерге рұқсат берілмей отыр. Бірақ әкім Ерболат Досаевтың өзі бұл істерге қатыспай... яғни, бас тарту және шешім қабылдау осы үштікке байланысты, - дейді белсенді.
Еркебек Қазақстанда әйелдердің құқықтары жүйелі түрде бұзылатынын атап өтті.
– Мен феминистермен тең құқықтар үшін күресте ынтымақтасамын. Мен қолдаумен шықтым, - деді ол.
Акция барысында полиция қызметкері құжаттарды тексеру үшін белсендіге жақындаған. Еркебек оларға пикеттің әкімдікпен келісілгенін хабарлады.
8 наурыздағы Алматыдағы шеруді қолдайтын басқа пикеттер
2 ақпанда белсенді Лия Берген Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументінің жанында пикет өткізген.
3 және 6 ақпанда белсенді Вероника Фонова 8 наурыздағы шеруді қолдау үшін пикетке шыққан.