Астанадағы жеке компанияның бухгалтері казиноға 400 млн теңге ұтылған

Ulysmedia

Сот аталған іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Астана прокуратурасы сотта жеке компанияның бухгалтеріне қатысты үкім шығарылғанын хабарлады.

– Ол компания иелерін шетелде тиімді инвестициялар бар деп алдап, 385,9 миллион теңгеден астам ақша қаражатын иемденген, - делінген хабарламада.

Ол барлық ақшаны казиноға ұтылған. Сот оны алаяқтық жасағаны үшін бес жылға соттады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында аурухана бухгалтері сотталған болатын.