Электронды сілтеме арқылы WhatsApp аккаунттарға бұзып кіру жағдайлары жиілеп кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мұны ұйымдастырғандар сізді WhatsApp Web сілтемесіне өтуге және сол сілтемедегі нұсқауларға сәйкес әрекет етуге шақырады.
Алдымен, алаяқтар WhatsApp-та топ құрады. Оның ішінде сізге таныс адамға қолдау көрсетуге немесе дауыс беру мақсатында, кейде жай ғана көмек сұрайтын хабарлама жіберіледі. Осылайша, сіздің ақшаңызға ие болуы мүмкін. Әдетте топтарда тек әкімші жаза алады. Бұл топтағы қырағы адамдар алаяқтар екенін сезіп қоймас үшін жасалады. Тіпті сілтемелер арқылы сіздің WhatsApp аккаунтыңызға бұзып кіріп, ішіндегі хабарламаларды оқуы да мүмкін.
Мұндай жағдайларды жол бермей, өз аккаунтыңыздағы жазбаларыңызды қорғау үшін мыналарды есте сақтаңыз: