Қазақстан СІМ басшысы ҰҚШҰ бас хатшысын қабылдады

Ulysmedia

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚР СІМ

Тараптар Қазақстанның 2024 жылы ҰҚШҰ-ға төрағалығы шеңберінде жоспарланған елемізде өтетін іс-шаралар жөнінде пікір алмасты.

2024 жылдың маусым айында жоспарланған ҰҚШҰ сыртқы істер министрлері кеңесінің алдағы отырысының бірқатар ұйымдастыру мәселелерін қарастыруға ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында Ұйым аясындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, соның ішінде саяси өзара іс-қимылды дамыту, қауіп-қатерлерге қарсы тұру мәселелері талқыланды.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ҰҚШҰ-ға төрағалық ету Қазақстан Республикасына ауысқаны белгілі.

ҰҚШҰ

2002 жылы құрылған ұйымға Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді.

Биыл Қазақстан ҰҚШҰ-ның төрағасы болды. 10 қаңтардан бастап Марат Сыздықов ұйымның тұрақты кеңесін басқарады. Ұйым 2024 жылға ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттерде, оның ішінде Қазақстанда жеті бірлескен жауынгерлік оқу-жаттығу өткізуді жоспарлап отыр.

Бұған дейін Тасмағамбетов "ҰҚШҰ-ның Ұжымдық бітімгершілік әлеуеті 2022 жылдың қаңтарында Қазақстандағы дағдарыстық жағдайды жеңілдету барысында өзінің тиімділігін дәлелдеді"деп мәлімдеген болатын.