"Қазгидромет" синоптиктері Қазақстан аумағындағы ауа райы жағдайы мен қауіпті құбылыстардың 17 ақпанға арналған болжамын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Олардың мәліметтері бойынша, атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен елдің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында қар мен боран болады деп күтілуде.
Алматы және Маңғыстау облыстарында қалың қар жауады, ал оңтүстік-батыста көктайғақ болуы мүмкін.
Сондай-ақ, Қазақстанның бүкіл аумағында жел күшейіп, ал оңтүстік пен оңтүстік - шығыста тұман болады деп болжануда.