Секонд хэнд: Ерке Есмахан ескі киімдерін сатып жатыр

Оралхан Қожанов

Танымал әнші Ерке Есмахан осыдан біраз уақыт бұрын киген киімдерін сатылымға шығарды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Жеке парақшадан

Өнер иесі гардеробын босатып, қанша табыс тапқанын мәлімдеді. Әншіден оқырмандары: "Киімдеріңізді сатып, қанша ақша таптыңыз?" деп сұрады.

Ерке Есмахан оқырманына жауап беріп, тапқан табысын жасырмай жариялады.

"Ақша санауды қатырасыздар, иә? Сол киімдердің барлығы сатылып кетті. Алған жандар игілігіне кисін. 7-8 млн теңге шамасында табыс таптым", - деп жазды өнер иесі.

Айта кетерлігі, сатылған киім-кешектердің ішінде су жаңа көйлектер де бар.

Естеріңізге салсақ, ұлды болған жұлдызды жұп Райм мен Ерке Есмахан баласына қандай есім бергенін жазған едік.