Оның міндетін уақытша Аслан Жабаев атқарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz
First Heartland Japan Bank Директорлар кеңесі 2024 жылғы 1 наурыздан бастап банктің басқарма төрағасы Арман Маңғытовтың өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдағаны белгілі болды.
– Жауапты кезеңде Арман Маңғытов уақытша негізде банкке жұмыстың тұрақтылығын қамтамасыз ету және орта мерзімді көкжиектегі қызметтің перспективалық бағыттарын айқындау техникалық миссиясымен шақырылды. Оған алға қойған мақсаттарын табысты орындағаны үшін алғыс айтқым келеді. Жаңа салада табыс тілеймін", - деді директорлар кеңесінің басшысы Ғалымжан Есенов.
Оның міндетін уақытша орынбасары Аслан Жабаев атқарады.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың тамызында Ғалымжан Есенов Jusan Bank директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланған. Ал Арман Мангитов қаржы ұйымы басқармасының жаңа төрағасы болды.