Байден Италия премьер-министрінің басынан сүйіп алды (ВИДЕО)

Қалижан Бектемір

Әлеуметтік желілерде АҚШ президенті Джо Байденнің Италия премьер-министрі Джорджия Мелониді басынан сүйген видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кадр: РИА Новости

РИА Новости мәліметінше, кадр Байден мен Мелонидің Ақ үйде өткен кездесуінен кейін түсірілген.

Кездесуде саясаткерлер америкалық көшбасшы Украинамен шатастырып алған Газа секторына азық-түлік пен кару-жарақ жіберу мәселесін талқылаған. Келіссөздерден кейін Байден Италия премьер-министрін басынан сүйіп қоштасқан.

Желідегілер АҚШ президентінің әрекетін әр түрлі қабылдап жатыр. Кейбірі оның әрекетін сыпайылық десе, енді бірі Байденді сын садағына алуда.