Аяулы ана, асыл жар, ибалы қыз: Қазақстанда қанша әйел бар

Ulysmedia

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда 10 260 057 әйел, аяулы жар, ана мен қыз барын жария етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

– 10 260 057 – дәл осынша әйел, аяулы жар, ана мен қыз 8 наурыз мерекесінде шын жүректен шыққан құттықтауларды қабыл алатын болады. Бүгінгі таңда әйелдердің 63,6% қалалық, 36,3% – ауылды жерлерде тұрады, – деп ақпарат таратты Ұлттық статистика бюросы.

Өңірлер бөлінісінде әйелдердің басым көпшілігі Алматы қаласында – 1 196 450, Түркістан  – 1 049 866 және Алматы – 766 092 облыстарында тұрады.

Жас құрамы бойынша 18 жасқа дейінгі қыздардың саны – 3,3 млн, 18-ден 60 жасқа дейінгілердің саны – 5,3 млн, 60 және одан жоғары жастағы апа-әжелеріміздің саны 1,6 млн.