Өскеменде мейрамхана ғимараты өртенді

Ulysmedia

Өскеменде мейрамхананың жеке бір қабатты ғимаратында өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, өрт сағат 06:53-те оқшауланып, 07:49-да жойылды.

Өрт аумағы 250 шаршы метр болды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнында жеке құрамның 35 адамы мен тоғыз авариялық-құтқару техникасы жұмыс істеуде.