Ахмет Байтұрсынұлы шығармасының жоғалған беттері табылды

Оралхан Қожанов

Бұл – "Әдебиет танытқыштың" соңғы беттері. Осы жаңалық туралы мұратанушы Әділет Ахметұлы мәлімдеді. Бұған дейін зерттеушілер аталмыш еңбектің толық емес нұсқасын оқып келген еді, деп жазады Ulysmedia.kz "Айқын" газетіне сілтеме жасап.

Әділет Ахметұлының парақшасынан

- Ахмет Байтұрсынұлының "Әдебиет таныт­қышының" соңғы беттері табылды. Жәдігер мұраның соңғы беттері жыртылмаған нұсқа­сы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітап­ханасының Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорында болып шықты. Бұған дейін алаштанушы ғалымдар, олардың ізін басқан жастар сан рет шиырлаған қазыналы қордан арнайы іздегенде табылмай, кездейсоқ ұшырасып қалғанына өзіміз де таңбыз, – деп жазды ғалым. 

Ғалымның сөзінше, жоғалған парақтар саны – екеу. Ахмет Байтұрсынұлы осы екі парақта "Айтыс-тартысқа" жататын бес атауды қысқаша ғана таныстырған. 

Бүгінде осы бір нұсқа Қазақстанның ұлттық электронды кітапхана сайтына жүктелген.