Арман Қырықбаев ҚР Президенті Әкімшілігінің коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Тағайындау туралы Ақорда хабарлады.
"Мемлекет басшысының Өкімімен Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, ҚР Президенті Әкімшілігінің коммуникациялар бөлімі меңгерушісінің орынбасары Әлібек Алденей болып табылады.
Арман Қырықбаев ҚР сыртқы істер министрлігінің Қазақ мемлекеттік басқару академиясын және Дипломатиялық академиясын бітірген.
Ұзақ уақыт Бауыржан Байбекпен бірге жұмыс істеді. Мәселен, 2014-2015 жылдары Қырықбаев "Нұр Отан"партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі болды.
Кейін Қырықбаев Байбекпен бірге Алматы әкімдігіне келіп, ішкі саясат, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, жастар саясаты және тілдерді дамыту мәселелеріне бас-көз болды.