Асу Алмабаев UFC турнирінде екінші мәрте жеңімпаз атанды

Ulysmedia

АҚШ-тың Майами қаласында өткен UFC 299 турнирінде қазақстандық спортшы Асу Алмабаев америкалық Си Джей Вергарамен жекпе-жекке шығып, жеңіске жетті, деп жазады Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Үш төрешінің үшеуі де бірауыздан Алмабаевты жеңімпаз деп таныды — 30:27. 

Бұл — 30 жастағы Асу Алмабаевтың UFC-дегі екінші жекпе-жегі. 

Мұның алдындағы өткен жылғы дебютінде де қарсыласы америкалық Оди Осборннан басым түскен болатын. 

32 жастағы Си Джей Вергара осы айқасқа дейін UFC-де екі рет жеңіс тұғырынан көрінген.