Жезқазғанда ауа райының күрт жылынуына және жауынға байланысты коммуналдық қызмет өкілдері қала көшелерінде жиналған жаңбыр суын арнайы техникамен сыртқа шығаруда, деп жазады Ulysmedia.kz.
Ұлытау облысы әкімдігінің мәліметінше, қаланың автожолдарынан еріген қар суын шығаруға 10 арнайы техника және 40 жұмысшы жұмылдырылған.
Қазіргі таңда қаланың автокөлік жолдарында су басуға бейім 5 учаске анықталды. Барлық учаскелер бақылауда, қажет болған жағдайда арнайы техникалар қосымша жіберіліп жатыр.