Сот үкімімен криптовалютаны заңсыз айырбастағаны үшін қала тұрғыны мүлкі тәркіленіп, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Астана қаласы прокуратурасының хабарлауынша, кінәлі тұлға қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер саласында лицензиясыз айырбастау қызметімен айналысып, 6 айдың ішінде 342,8 млн. теңге сомасында аса ірі мөлшерде заңсыз табыс алған.
– Прокурордың талабымен сотталғаннан заңсыз алынған 342,8 млн теңге сомасындағы табыс мемлекет пайдасына өндірілді, – делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енді.