Ұлытаудағы жұт: жылқы еті қымбаттай ма

Сырым Қаржас

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Ұлытау облысындағы жұттың салдары жылқы етінің бағасына қалай әсер ететінін айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Динара Сәтжан

Үкіметтегі баспасөз мәслихаты барысында журналистер Айдарбек Сапаровтан шығынға ұшыраған фермерлерге министрлік қандай көмек көрсететінін сұрады.

– Министрлік мәселемен айналысады. 1 наурыздан бастап Ұлытау облысында мал шаруашылығы департаменті, вице-министр жұмыс істейді. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты жылқылардың қырылған жағдайы бар. Біріншіден, күзде жемшөп жинау кезінде облыстардың бәрі 100% дайын екені жайлы есеп берді. Бұл үшін аудандар мен ауылдық округтердің әкімдері жауап береді, жауапты болады. Ұлытау облысына жем дайындауға 1,4 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі таңда есеп бойынша 360 бас жылқы қырылған, - деді министр.

Сапаров мал өліміне тек шенеуніктер ғана емес, жануарлардың иелері де жауапты екенін атап өтті.

– Егер проблемалар болса, олар жем-шөп дайындауы керек еді. Біз қожайындарын таба алмай, мал өз бетімен жайылып кетеді. Бізде жануарларды сәйкестендіру базасы бар, бірақ олар базада жоқ. Мал бас ауған жаққа кетеді де, оны ешкім бақпайды да. Жауапкершілік болуы керек, - деді Сапаров.

Жылқы өлімі жылқы етінің құнына қалай әсер етеді деген сұраққа АШМ басшысы Қазақстанда жылқы етінің жұттың кесірінен қымбаттамайтынын айтты.

Қазір ауыл шаруашылығы министрлігі басшысының мәліметінше, Қазақстанда 4 миллионнан астам бас жылқы бар.