Қарулы адам Нидерланд түнгі клубында адамдарды кепілге алды

Оралхан Қожанов

Сенбі күні Нидерландтың шығысында Эде қаласындағы түнгі клубта адамдарды кепілге алу оқиғасы орын алды. Полиция қарулы адамды құрықтап үлгерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Piroschka Van De Wouw/Reuters

Қарулы адам сенбі күні Petticoat клубында мекеме қызметкерлерін кепілге алып, бомба жарып жіберемін деп қорқытқан. 

Кейін полицияға өз еркімен берілген.

Полицияның алдын ала мәліметі бойынша, шабуыл жасаушының әрекетінде террористік мақсат жоқ.

Оқиға орнында полицияның бірнеше арнайы жасағы жұмыс істеген.

Жақын маңдағы 150 үйдің тұрғындары эвакуацияланып, Эдеге және одан келетін пойыздар уақытша тоқтатылған.