ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Газа секторында қанша қазақстандық бар екенін айтты. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.
– Газа секторынан біз барлық азаматтарымызды шығардық. Тек бір әйел кетуден бас тартты. Ол отбасымен бірге болатынын айтты, - деді Айбек Смадияров брифинг барысында.
ҚР СІМ өкілі құрбан болғандардың саны туралы ақпаратты растай алмайтынын атап өтті.
– Әрине, БҰҰ-ның басқа халықаралық ұйымдары немесе Израиль, Палестина тарапынан есеп жүргізеді... Бірақ гуманитарлық апаттың ауқымы өте үлкен, - деді ол.
Смадияров Израильде қанша қазақстандық бар екенін айта алмады.
– Қолда нақты деректер жоқ. Негізінде, онда тұратын біздің азаматтар өте көп, - деді ол.