«ҚазАвтоЖолдың» бұрынғы басшысы Асқар Мұратұлы ұсталды

Аян Өрібай

Ол аса ірі мөлшерде қаражат жымқыру күдігімен екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, Астана қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті бас көлік прокуратурасының жұмыс үйлестіруімен іс жүргізген. Тергеу барысында бір көзден алу жолымен бюджеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ның экс-басқарма төрағасы А.Муратұлы ұсталған. 

– Сотпен күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес, өзге мәлімет жариялануға жатпайды, – деп хабарлайды агенттік.

Асқар Мұратұлы «ҚазАвтоЖол» басқарма төрағасы қызметін 2021-2022 жылдар аралығында атқарған.