«Күн суытып, жаңбыр жауады»: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ulysmedia

Қазақстандық синоптиктер 2024 жылдың 6 сәуірі мен 8 сәуірі аралығында елімізде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ulymedia.kz.

Фото: pixabay.com

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Еліміздің басым бөлігінде, атмосфералық фронттардың өтуімен тұрақсыз ауа райы күтіледі, жаңбыр жауады, 06-08 сәуірде түнгі уақытта солтүстік-батыста, 08 сәуірде солтүстікте жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) жауып, жел күшейеді, - дейд «Қазгидромет».

6 сәуірде Батыс Қазақстан, Түркістан және Жамбыл облыстарында, 6-7 сәуірде Алматы облысында, 8 сәуірде Ұлытау және Қарағанды облыстарында қатты жаңбыр болжануда.

Оңтүстік аймақтарда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Қазақстан бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі, - делінген хабарламада.

Республикамыздың солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасы күндіз 13-20 жылыдан 7-15 жылыға дейін төмендейді.

Еліміздің орталығы мен шығысында күндіз термометрлердің бағандары 15-20 жылыға дейін көтеріледі.