Құлсарыда 28 мыңнан астам адам эвакуацияланды

Оралхан Қожанов

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында құтқару жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

ТЖМ

«Құтқарушылар тұрғындар мен олардың үй жануарларын эвакуациялауға көмектесіп жатыр. Осы уақытқа дейін Жылыой ауданында 28 501 тұрғын, оның ішінде 6 781 бала эвакуацияланды», –  делінген хабарламада.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Маңғыстау облысы ТЖД Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласы мен елді мекендерінен Маңғыстау облысына 8738 адам эвакуацияланғанын мәлімдеген болатын.