Атырау облысы әкімі Серік Шәпкеновтың айтуынша, су тасқынымен күресте 2 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл сома өсуі мүмкін дейді әкім. Шәпкенов халық ұшыраған шығынның бәрі есептеліп, өтелетінін айтады.
Атырау облысы әкімінің айтуынша, ең жоғарғы тәуекел Индер, Махамбет ауданы мен Атырау қаласына төнген.
Еске сала кетейік, бүгін үкімет басшысы Олжас Бектенов ауыз судың сапасы мен эпизоотиялық жағдайға бақылауды күшейтуді тапсырған еді.
Премьер-министр, штаб жетекшісі Олжас Бектенов келесідей тапсырмалар беріп отыр.