Әуе компаниясы ішкі бағыттарда билеттердің бағасы көтерілген жоқ, ал тараған скриншоттар халықты адастырып жатыр деп есептейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Әуе компаниясы не дейді
Air Astana әуе компаниясы қазнетте тараған, Атыраудан Алматыға билет бағасы жайлы скриншоттарға түсініктеме берілді.
– Аталған скриншоттарда Атыраудан Алматыға, Астанаға немесе ақтауға әуе билеттерінің құны жарияланды, алайда Ыстамбұлда бір немесе екі рет ауысатын рейстер көрсетілген, сондай-ақ сегменттердің бірі бизнес-класс билеттерімен ұсынылған. Осылайша, мұндай скриндер жұртшылықты шатастырады, - деп хабарлады компания.
Не деп кеңес береді
– Ең жақсы бағаға кепілдік беру үшін біз жолаушылардан әуе компанияның ресми сайтында немесе Air Astana қосымшасында эконом-класта тікелей рейстерді таңдауды сұраймыз. Әуе компаниясы ішкі бағыттардағы әуе абилеттердің құнын көтерген жоқ. Керісінше, барлық ниет білдірушілер бағдар бойынша ұшып кету үшін Атыраудан Алматыға және кері қарай қосымша рейстерді ашты, - делінген хабарламада.
Әуе билеттері
Бұған дейін Атырауға әуе билеттері 600 мың теңгеге дейін қымбаттағаны хабарланған болатын. Депутаттар да табиғи апат жағдайында әуе сапарының қымбат бағасына наразылық білдірген.
Қазақстандағы су тасқыны
Еске сала кетейік, елде біраз күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызып отыр.
Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма беріп отыр.
Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.