Жайық өзенінде су деңгейі күнде артып келеді

Ulysmedia

Батыс Қазақстанда Орал қаласында және 12 ауданның сегізінде жағдай тұрақталған. Алайда облыс әкімдігі сонда да өңірде қауіп әлі сейілмегенін ескертеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

УН

Қауіп қай аудандарға туындап тұр?

Облыс орталығы мен Жайық бойында орналасқан Ақжайық, Бөрілі, Бәйтерек және Теректі аудандарына қауіп төніп тұр.

– Қауіп Ресейден келе жатқан Челябі, Орынбор облысынан түсетін Жайық өзенінен төніп тұр. Жайық өзенінің бойында тұрған Ириклинск су қоймасы осыдан бірнеше күн бұрын максималды 2170 текше метр су жіберілді. Бүгінде 1520 текше метрге дейін азайды. Бірақ бұл әлі де көп. Салыстырмалы түрде айтсақ, былтыр жыл бойы бұл су қоймасынан секундына 15 текше метр аққан. Жол бойындағы Сакмар, Елек, Шыңғырлау өзендері де толды. Жалпы үлкен су облыс аумағына 15-20 сәуірде келеді деп болжанып отыр. Жайық бойындағы елді мекендерге барлық күшімізді салып жатырмыз. Қолдан дамбалар тұрғызып жатырмыз. Бүгінгі күні аталған 4 ауданда және қалада 300 жуық арнайы техника жұмыс істеп жатыр», - деді Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Оның айтуынша, Жайық өзені бойынша су деңгейі күн сайын артып келеді.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, елде біраз күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызып отыр.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма беріп отыр

Бұдан кейін Солтүстік Қазақстан облысының билігі Петропавл қаласы мен тағы үш ауданға су басу қаупі төніп тұрғанын хабарланған.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.