Испанияда дрондар ағаш отырғызады

Ulysmedia

Испанияның оңтүстігінде ұшып жүріп, ағаш егетін дрон пайда болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: russpain.com

russpain.com-ның мәліметінше, жаңа технология –  ғалымдардың еңбегі. Испанияның оңтүстігінде ағаш егуге дрондар көмектесуде. Ұшатын аппарат бірнеше гектар жерге тұғым сеуіп шығады.

Бұл уақыт пен күшті ғана емес, қаншама қаражатты үнемдейді. Ең бастысы –аталған құрылғы басқа техникалар жүре алмайтын жерлерге ұшып бара алады. Осы жобаны ойлап тапқандардың мақсаты – табиғатты құрғақшылықтан құтқару және табиғаттың әралуандығын сақтап қалу.

«Біз ағаш тұқымын арнайы капсулаға саламыз. Осылайша оны тышқандар мен құстардан қорғаймыз. Сондай-ақ, капсулалар жаңбырдан кейінгі ылғалды ұзақ ұстап тұруға көмектеседі», - дейді экобелсенді Даниел Калатаюд.