Депутат Тұрлыхановтың адвокаттарды ұрған ұлына шыққан үкім өзгеруі мүмкін

Аян Өрібай

Адвокаттың айтуынша, мәжіліс депутатының ұлына қатысты іс Жоғарғы сотта алдын ала сатыдан өткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Нұрасыл Болаттың шабуылынан зардап шеккен адвокат Анна Чернова үкімді қайта қарауға болатынын айтты.

– Алақай! Мәжіліс депутаты Тұрлыхановтың ұлымен біздің ісіміз алдын ала сатыдан өтті. Жоғарғы соттың сот алқасы сот актісін қайта қараудың негіздерін қарастырды.

Бұл маңызды кезең әрі ол өтті. Біз қарастыруды күтеміз және әділ жаза шығар деп үміттенеміз, - деп жазады адвокат.

Адвокат Нұрасыл Болат осы баптан айыппұлмен құтылған бірден-бір адам екенін атап өтеді. 

– Тіпті төменнен де төмен. Барлығы 500 АЕК. Бұзақылық ниетпен екі адамның денсаулығына орташа зиян келтіргені үшін 1,7 млн теңге айыппұл салынбауы тиіс! Біздің елімізде адамның өмірі мен денсаулығына қол сұғылмауы керек, - деді ол.

Еске сала кетейік, адвокаттарды ұрып-соғу оқиғасы былтыр ақпан айының ортасында Алматыдағы мекемелердің бірінің жанында болған. Черновтар әулеті Болаттан таяқ жеген қызды жақтамақ болған, бірақ өздері де жараланған.

Депутат Тұрлыханов Болаттың әрекетіне түсініктеме бере отырып, ол сайлау додасынан өз кандидатурасын алып тастағысы келетінін, бірақ кәмелетке толған ұлының әрекеті үшін жауапты еместігіне байланысты шешімін өзгерткенін мәлімдеді.

3 шілдеде депутаттың ұлы әскери бөлімнен қашып кеткені белгілі болды, онда оған бөлім бастығының бақылауында болу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.