Қазақстанға бидай әкелуге тыйым салу ұзартылды

Ulysmedia

Уақытша тыйым биылғы 12 сәуірден бастап 6 ай мерзімге енгізіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 11 сәуірдегі №125 бұйрығымен бидайды Қазақстан Республикасына, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден тек қана өндіріс пен тұтыну үшін құс шаруашылығы және ұн тарту кәсіпорындарының атына темір жол көлігімен жеткізуді қоспағанда, автомобиль, су және темір жол көлігімен әкелуге тыйым салу белгіленді, – делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарламасында.

Уақытша тыйым 2024 жылдың 12 сәуірінен бастап 6 ай мерзімге енгізіледі.

Тыйым Қазақстан аумағы арқылы бидайды темір жол көлігімен транзиттік тасымалдауға және ұн тарту мен құс шаруашылығы кәсіпорындарына бидайды әкелуге қолданылмайды.

Әкелінген бидай ішкі және сыртқы нарықтарда сатуға жатпайды.

Еске салсақ, бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазақстан аумағына бидайды автомобиль, су және теміржол көлігімен әкелуге тыйым салуды енгізу туралы» бұйрық жобасын дайындағанын жазған болатынбыз.