Алматыда тағы жер сілкінісі сезілді

Сырым Қаржас

Бұл жолы да екі балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

ТЖМ не дейді

ТЖМ сейсмикалық станциялар желісі 12 сәуірде Алматы уақытымен 13 сағат 13 мин жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады. Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында (Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 273 км жерде) орналасқан. Сезілетіндігі туралы мәліметтер (MSK-64 шкаласы бойынша): сезілетін Алматы қаласы, 2 бал.

Алматылықтар 2 балл болатын жер сілкінісін кеше де сезген еді.

Алматыдағы жер сілкінісі

Еске салсақ, Алматыда 23 қаңтар күні түнде қуатты жер сілкінісі болды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы 40-тан астам адам жарақат алғаны жөнінде ақпарат таратты. 

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов үкімет отырысында (онлайн қатысты) жер сілкінісі 4 облыста болғанын, ең қуаттысы Алматыда болғанын мәлімдеді.

Жер сілкінісінен кейін мектептер мен ауруханалардың қабырғасынан жарықшақтар анықталған.

Құтқарушылар жер сілкінісі болған жағдайда мына 10 кеңесті есте сақтауға шақырды. Олар не дейді:

  • Сабырлы болыңыз, үрейленбеңіз;
  • Жер сілкінген кезде лифтті пайдаланбаңыз;
  • Жиһаздардан, терезелерден, люстралардан алыс жүріңіз;
  • Сенімді, берік орын табыңыз: егер сіз жоғарғы қабатта болсаңыз, қабырғалардың бұрышынан орын алыңыз;
  • Үй-жайдан шығыңыз (көпқабатты үйлерде – дүмпу тоқтағаннан кейін);
  • Суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;
  • Алдын ала дайындалған шұғыл сөмкені алыңыз;
  • Электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз;
  • Жер асты дүмпулеріне дайын болыңыз;
  • Балаларға, қарттарға, мүгедектерге көмек көрсетіңіз.