Алматыда қымбат бутиктері бар «Esentai mall» ірі сауда орталығын Ресейден келген инвесторлар сатып алмақ ойда. Атап айтқанда, орталыққа Мәскеудегі «ГУМ» иесі қызығушылық танытқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz дереккөзі.
Сауда орталығы жайлы
Esentai Mall сауда, ойын-сауық орталығы Алматының дәулеттілер тұратын ауданында орналасқан. Онда бутиікті жалдау алаңы бір шаршы метр үшін 49 мың теңгені құрайды. Орталықта Chopard, Brunello Cucinelli, Dior, Fendi, Loro Piana, Louis Vuitton және тағы басқа әлемдік брендтер шоғырланған.
Esentai Mall иесі «Си Пи Ритэил Алматы». Компанияның құрылтайшысы кәсіпкер Қайрат Боранбаев, сондай-ақ "Есентай Инвестментс" ЖШС. Ал соңғы аталған компанияға Forbes рейтингінің өкілі Сержан Жұмашев, сондай-ақ Гурсель Омен мен Мехмет Эркек иелік етеді.
Орталықты кім сатып алғалы отыр
Біздің дереккөздер мүдделі тараптардың арасында Мәскеудің "ГУМ" иесі барын атап өтеді. Мәскеудің Қызыл алаңындағы сауда орталығы Bosco di Ciliegi меншігінде. Бұл компанияның қожасы ресейлік кәсіпкер Михаил Куснирович. Екі жыл бұрын ол Италия азаматтығын алған, Швейцария резиденті мәртебесі де бар. Оның санкция тізімінде бар-жоғы жөнінде ақпарат жоқ.
Украинада соғыс болып жатқанда ресейлік кәсіпкерлер өз байлығы, бизнесін сақтап қалу үшін жанталаса тырысып жатыр. Біреу шетелден актив сатып алады, ал ал екіншісі керісінше, шетелдік активтер құнын 3,5 трлн рубльге дейін көтерген.
Ulysmedia.kz істің мән-жайын нақтылау үшін Esentai Mall компаниясына сауалхат жолдады.
Боранбаевтың ісі
2023 жылдың 15 қыркүйегінде Астана қалалық сотының апелляциялық сот алқасы кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа қатысты «ҚазТрансГаз» АҚ жымқыру және ақшаны жылыстату ісі бойынша үкім шығарды. Ол мүлкі тәркіленіп, президентке оны мемлекеттік наградаларынан айыру туралы ұсыныспен және өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салумен алты жылға бас бостандығынан айырылды.
Қайрат Боранбаев 14,5 млрд теңге көлемінде материалдық шығынды өтеп берді. Сондай-ақ Боранбаевтың компаниялары Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 66 миллион доллардан астам қаржы аударғаны белгілі болды.
2023 жылдың 16 қазаны мен 18 қазаны аралығында Қаржы мониторингі агенттігі Боранбаевтың мүлкінің мемлекетке өткені туралы хабарлады. Олардың ішінде құны 1,4 миллиард теңгеден асатын «Comfort Hotel Astana» қонақ үй кешені, кеңсе бөлмелері, сауда-ойын-сауық кешені, спорттық-сауықтыру жүйесі, «Қаражанбас Северный» кен орны, «Азия Газ Чунджа» газ таратушы компаниясы, сондай-ақ «Азия Газ Чунджа» газ таратушы зауыты бар. «KazTurboRemont Service Center» ЖШС мұнай-газ жабдықтарын өндіру және жөндеу. 2023 жылғы 20 қазанда Ақмола облысы Зеренді аудандық соты Боранбаевтың жазасын бас бостандығын шектеуге ауыстырғаны белгілі болды.
Көп өтпей Боранбаевтың өзі бостандыққа шықты.