Иран тарапы Израильге қарсы жүргізілген операция аяқталды деп санайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Не болды
ТАСС-тың жазуынша, алайда, егер Израиль мен оның батыстық әріптестері Тегеранға қарсы әрекет етуді жалғастыратын болса, оларға тағы орасан күшпен жауап қайыруға дайын.
Бұл туралы Иранның Мәскеудегі елшісі Казем Джалали Ислам Республикасының әскер күніне орай болған қабылдау кезінде мәлімдеді.
Біз Израильге қарсы операция аяқталды деп санаймыз, бірақ егер Израиль режимі мен оның шашбауын көтеруші батыстық қолдаушылары бізге қарсы тағы бір рет әрекет етуге бел буса, біз, әрине, неғұрлым байсалды құралдар мен күштермен жауап береміз, – дейді Иран дипломатиялық өкілдігінің басшысы.
Бұрын-соңды болмаған оқиға
Еске салсақ, 14 сәуірге қараған түні Иран Израильге зымырандар жаудырды.
Мамандардың бағалауынша, бұл бұрын-соңды болмаған оқиға. Бұған дейін Израильге Сирия мен Ливан, Йемендегі ираншыл топтар соққы жасап келген.
Израильдің 12 арнасының хабарлауынша, Иран ондаған дрон ұшырған. Израильдің жоғары лауазымды өкіліне сүйенген журналист Барак Равид "жүздеген дрон" жіберілгенін жазды. Ақпаратқа сүйенсек, дрондардан кейін ракетамен шабуыл жасалған.