Астанада ер адамның жанып жатқан видеосы пайда болды

Ulysmedia

Астана көшелерінің бірінде ер адамның жанып жатқан видеосы тарады деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Astanovka98 телеграмм арнасынан

Өрт қайдан шықты?

Оқиға бірнеше сағат бұрын Астанадағы Сығанақ көшесінің бойында болған. Жазбаны телеграмм арналардың бірі жариялады. Одан жанып жатқан ер азаматтың үстін өрт сөндіргішпен бүркіп жатқанын көресіз. Бірнеше қадам жерден лаулаған қызыл жалынды байқауға болады. Өрттің неден шыққаны белгісіз. Бірақ жол бойында жанып жатқан ер адамның маңына біраз адам жиналып қалған. Өртенген ер азаматты ауруханаға жеткізген. Кейін белгілі болғандай өртті сөндірген полиция қызметкерлері болып шықты.