Су тасқыны: Қостанай облысындағы ахуал қандай

Оралхан Қожанов

Бүгінде облыс аумағында 7 үй мен 17 аула аумағы су астында қалып отыр. Су тасқыны кезінде 9232 адам, оның ішінде 1810 бала құтқарылды және эвакуацияланған, деп жазады Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

Уақытша орналастыру пункттерінде 174 адам, оның ішінде 34 бала бар. ОКҚ алаңында өткен брифингте Қостанай облысының ТЖД ресми өкілі Аязбек Искаков осындай мәліметтерді жария етті.
 

«Авариялық-құтқару жұмыстарына 225 адам және 37 бірлік техника жұмылдырылды. Су тасқыны басталғанан бері ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен 916 мыңға жуық текше метр еріген қар суы сорылды, 212 740 қапшық және 76 500 тонна инертті материал төселді», - деді ол.


Бұдан бөлек, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарындағы су тасқынының зардаптарын жоюға көмектесу үшін Қостанай облысы ТЖД құтқарушылар топтары жіберілді.

Еске сала кетейік, елімізде бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланған болатын. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.