«Ибалы бол, бірақ сүмірейіп қалма!»: әженің ерекше батасы қызу талқылануда

Оралхан Қожанов

Әлеуметтік желіде немересіне бата берген әженің сөзі қызу талқыланып жатыр, деп жазады Ulysmedia.kz.

Скрин

Тойдың қай қалада болғаны белгісіз.

«Үлкенге үлгілі, кішіге сыйлы келін бол. Ата-енеңді сыйла. Үйден көрген тәрбиеңді іске асыр. Ибалы бол, ибалы бол дегенде сүмірейіп қалма. Батыл бол, биік тауға шыға бер. Үбірлі-шүбірлі бала-шағалы болып, бақытты өмір сүр. Жүзіңнен күлкі кетпесін, жаманшылық басыңа өтпесін. Аспаның ашық, жүрегің жарық болып, бақытты бол», – деді әже. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматы тұрғындары қыз ұзату тойын аулада жасап, ерекше думан жасаған болатын.