Қолшатырыңыз дайын ба: Алдағы аптада еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Оралхан Қожанов

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова мәлімдеді, деп жазады Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

«Қазақстан аумағында қар басып жатқан жердің жалпы ауданы 3 пайызды құрады. Қар жамылғысы негізінен Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл, Түркістан, Алматы мен Жетісу облыстарының орманды және таулы аймақтарында сақталған. Синоптикалық болжамға сәйкес 20-26 сәуір аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, тек кей күндері жауын шашынсыз өтуі мүмкін», - деді А. Исмагулова Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.

Оның айтуынша, аптаның басында және ортасында Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр болуы ықтимал. Апта аяғында Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, Абай облысында түнгі кезде қар аралас жаңбыр жауады.

«Сонымен қатар, 23, 25 сәуірде Жамбыл облысында, 26 сәуірде Түркістан, Алматы, Жетісу облыстарында нөсер жауын болуы мүмкін», - деді Қазгидромет өкілі.