Қазақстанда ТІК-ТОК жабыла ма – министр Балаева жауап берді

Аян Өрібай

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бұл сұраққа мәжіліс кулуарында жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Оның сөзінше, аталған желідегі материалдарда құқықбұзушылық фактілері көбейіп кеткен.

«Оның бәрі ұлттық қауіпсіздікке ықпал етсе, әлбетте, оны осындай шаралар қабылданады», - дейді ол.

Желінің нақты жабылатынын немесе ішінара бұғатталатынын министр айтқан жоқ. Әлі шешілген дүние емес, жалпы талқылауға шығарылады дейді ол.