Қытайда су басқан аудандардан 83 мыңнан астам адам эвакуацияланды

Ulysmedia

Қытайда соңғы 50 жылдағы ең үлкен су тасқыны болып, төрт адамның өмірі қиылды, тағы он адам хабар-ошарсыз жоғалып кеткен деп хабарлайды, Ulysmedia.kz 

Газета.ру

Су басқан аудандардан 83 мыңнан астам адам эвакуацияланған. Дауыл салдарынан миллионнан астам үй электр жарығынсыз қалған, мыңнан астам мектеп жабылған.
Жауын-шашынның салдарынан елдің оңтүстігінде көшкін басталған. Өзендердегі су деңгейі жақын арада қауіпті деңгейге жетуі мүмкін.

130 миллион адамға қауіп төніп тұр

Бұл су тасқыны Қытай экономикасына зор әсерін тигізеді деп болжам жасап отыр мамандар. Өйткені тұрғындары көп және бай аудандарының бірі Гуандун провинциясына қатты әсер етіп жатыр. Жалпы, табиғи апат 130 миллион адамға қауіп төндіріп тұр. 

Сондай-ақ Қытайлық бұқаралық ақпарат құралдары көліктерді ағызып, көпірлерді қиратып кетіп жатқан тасқынның видеоларын жариялап жатыр. 

Құтқарушылар құм толтырылған қаптармен жағалауларды нығайтуға тырысқанымен, тоқтамай жауған жаңбыр қиындық туғызып жатыр.  

Қытайдағы нөсер жаңбыр 19 сәуір күні басталған еді.