Қазақстанда Еңбек кодексіне тиісті түзетулер енгізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жұмыс беруші қызметкерге тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарда болған уақытында жалақысы сақталмайтын, бірақ күнтізбелік 30 күннен аспайтын демалыс беруге міндетті, – делінген құжатта.
Қызметкерге жалақысы сақталмайтын демалыс (оның ұзақтығы көрсетілген) жазбаша өтініш пен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы келісімшарттың көшірмесін ұсыну негізінде берілетіні атап өтілген.
Түзету 2024 жылдың 16 маусымында күшіне енеді.