Пандемия Африкада ВИЧ індетін өршітуі мүмкін – БҰҰ

Ulysmedia

Коронавирус пандемиясы салдарынан денсаулық сақтау қызметтерінің үзілуіне байланысты Африкада алдағы бірнеше жылда ВИЧ-инфекциясы мен ЖИТС-ке байланысты өлім-жітімнің саны өсуі мүмкін, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Reuters-тің мәліметінше, Біріккен Ұлттар Ұйымының ВИЧ/СПИД (ЮНЭЙДС) бойынша Біріккен бағдарламасында көрсетілген ақпарат бойынша, өткен жылы Батыс және Орталық Африкада 200 000-ға жуық адам ВИЧ инфекциясын жұқтырған.

Адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧ) жұқтыру және жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромымен (СПИД) өлім-жітім көрсеткіштері соңғы онжылдықта тұрақты түрде төмендегенімен, 2020 жылы бұл аймақта қайтыс болғандардың 22%-ы СПИД-тен көз жұмған.

Өңірдегі жаңа инфекциялар осал топтар арасында, оның ішінде жас қыздар мен әйелдер, гомосексуалдар, есірткі тұтынушылар және түрмеде жатқандар арасында көп тарады. Сонымен қатар, аймақтағы денсаулық сақтау жүйелері COVID-19 індетінен зардап шекті, себебі карантин кезінде ВИЧ-ті емдеу және алдын алу шаралары қолжетімді болған жоқ.