Бұл ретте әлеуметтік маңызы бар өнімдерге баға индексі жылдық мәнде өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ұлттық статистика бюросы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексі өткен аптада 0,1%-ға төмендеп, жылдық мәнде 0,2%-ға өскенін хабарлады.
Толығырақ
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімінде 19 атау бар. Баға мониторингі апта сайын жүргізіледі. Бағалардың өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалалар мен астанада жинақталады, - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: «Нан бағасы 500 теңге болуы керек». Депутаттың сөзі желіде жұрттың ашуын туғызды (ВИДЕО)
Кейбір өнімдердің орташа бағасы:
- айран 2,5% – 428 тг/л;
- қарақұмық – 254 теңге/кг;
- сәбіз – 183 теңге/кг.